• Kaspi.kz-тегі Магазиннің сатушы кабинетінде «Қайтарымдар» бөліміне өтіп, қажетті өтінімді ашыңыз. «Қайтарудан бас тарту» деп басып, себебін көрсетіңіз:

     

    • тауар түрі сақталмаған немесе пайдаланылған;
    • тауарды қайта өткізуге болмайды;

    ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30-бабы

    • сатып алушы бұлыңғыр/анық емес фотосурет жолдаған;
    • комплектациясы толық;
    • өзге — бұл жағдайда бас тарту үшін тізімде жоқ себепті жазу керек.

     

    Өтінімді жіберу үшін бас тартуға негіздеме жазу қажет. 

     

    Сатып алушы Kaspi.kz қосымшасында 3 күн ішінде шешіміңізді даулай алады. Бұл жағдайда Kaspi.kz тексеру жүргізеді. Тексеру кезінде қайтаруды ресімдеп, клиентке ақшаны қайтара аласыз.

     

    Біз тексеріп жатқан тауарды қайтарудан бас тартсаңыз және дау ашылмаса, клиентпен хабарласыңыз. Ол үшін «Қайтарымдар» бөліміне өтіп, қажетті өтінімді ашыңыз да, «Тапсырыс мәліметтері» деп басыңыз. Сатып алушымен байланысу тәсілі тауарды қалай жеткізетініңізге байланысты:

     

     
    Kaspi Жеткізу арқылы

     батырмасын басыңыз. Сатып алушыға хабарлама жазуға немесе чатта телефон соғуға болады.

     

     
    өзіңіз жеткізесіз

    Kaspi.kz қосымшасында сатып алушыға телефон соғу үшін  батырмасын басып, әрекетті растаңыз.

     

    Сондай-ақ оған  бөлімінде де хабарлама жазуға болады.

     

    Тапсырысты клиентке беріңіз. Осыдан кейін өтінім жабылады.

    Жаңартылды 21.09.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?