• Kaspi.kz-тегі Магазинде клиент:

     

    • егер тауарды пайдаланбаса және тауарлық түрі сақталса, 14 күннің ішінде;
    • тауардың сапасы нашар болса, 30 күннің ішінде немесе кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін тауарды қайтара алады.

     

    Сатып алушы Kaspi.kz қосымшасында қажетті сатып алатын затты таңдап, «Қайтаруды ресімдеу» деп басып, өтінімді толтыруы керек. Содан кейін ол Kaspi.kz-тегі Магазиннің сатушысының кабинетінде «Қайтару» бөлімінде пайда болады және Kaspi Pay қосымшасында сізге бұл туралы хабарлама келеді.

     

    1. Өтінімді қарастырыңыз

     

    Ол сатушының кабинетінде «Қайтару» бөлімінде көрінеді және Kaspi Pay қосымшасында сізге бұл туралы хабарлама келеді.

     

    Мына әрекеттердің бірін таңдаңыз:

     

    Тауарды тексеруге алу — сіз тауарды тексеріп, оны қайтару туралы шешім қабылдауға келісесіз.

     

    Қайтарудан бас тарту — төмендегі тізімнен қайтаруды ресімдей алмауыңыздың себебін таңдаңыз:

     

    • тауар түрі сақталмаған немесе пайдаланылған;
    • тауарды қайта өткізуге болмайды;

    ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30-бабы

    • сатып алушы бұлыңғыр/анық емес фотосурет жолдаған;
    • комплектациясы толық;
    • өзге — бұл жағдайда бас тарту үшін тізімде жоқ себепті жазу керек.

     

    Кез келген нұсқаны таңдағаннан кейін бас тартуға негіздеме жазу керек.

     

    Өтінімді онда көрсетілген мерзім ішінде қарастыру керек. Егер мұны жасамаса, ол автоматты түрде қабылданады — сіз тауарды тексеру үшін алып, қайтару туралы шешім қабылдауыңыз керек.


    2. Тауарды тексеру үшін алыңыз

     

    Алу тәсілін өтінімнен көруге болады — ол тауардың көлеміне және тапсырыстың сатып алушыға қалай берілгеніне байланысты.

     

    Мысалы, егер клиент тапсырысты өзі алып кетсе, оны сіздің сату орныңызға әкелуі керек, ал егер Қазақстан бойынша Kaspi Жеткізу қызметі арқылы алса, сіз тауарды Kaspi.kz-тің қабылдау орнында немесе курьерден аласыз.


    3. Қайтару бойынша шешім қабылдаңыз


    Мұны өтінімде көрсетілген күнге дейін жасау керек. Сіз мына нұсқалардың бірін таңдай аласыз:

     

    Қайтаруды ресімдеу — сіз тауарды қайтаруға келістіңіз. Бір сағаттың ішінде, ақша шотыңыздан алынып, сатып алушыға түседі.

     

    Қайтарудан бас тарту — тауарды қабылдай алмайтыныңыздың себебін көрсетіңіз:

     

    • тауар түрі сақталмаған немесе пайдаланылған;
    • тауарды қайта өткізуге болмайды;

    ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30-бабы

    • тауар не қаптамасы бұзылған;
    • тауар жеткізу қызметіне өткізілді;
    • өзге — бұл жағдайда бас тарту үшін тізімде жоқ себепті жазу керек.

     

    Кез келген нұсқаны таңдағаннан кейін бас тартуға негіздеме жазу керек.

     

    Сараптамаға жіберу — бұл опция сапасын қосымша тексеруді қажет ететін тауар санаты үшін қолжетімді. Тексеру жүргізіп, клиентке жауап беру: 30 күннің ішінде қайтаруды ресімдеу немесе бас тарту қажет.

     

    ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30-бабы


    Шешімді өтінімде көрсетілген мерзім ішінде: кем дегенде 3 жұмыс күні ішінде қабылдау керек. Егер мұны жасамаса, қайтару автоматты түрде ресімделеді — бір сағаттың ішінде ақша шотыңыздан алынып, сатып алушыға түседі.

     

    Назар аударыңыз: егер сатып алушыға тауарды қайтарудан бас тартсаңыз, ол мұны Kaspi.kz қосымшасында 3 күннің ішінде даулай алады. Бұл жағдайда Kaspi.kz тексеруді бастайды. Осы уақытта сіз өз шешіміңізді өзгерте аласыз, қайтаруды ресімдеп, клиентке ақшаны қайтара аласыз.

    Жаңартылды 21.09.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?