- Жаңартылды 25.05.2025
IMEI (International Mobile Equipment Identity) – бұл телефонның немесе планшеттің бірегей коды, оны өндіруші береді.
Егер құрылғыға бірнеше SIM-картаны орнатуға болатын болса, онда слоттар мен eSIM саны бойынша да бірнеше код болады.
IMEI-код 15 цифрдан тұрады:
- алғашқы 2 цифр – өндіруші елдің коды;
- келесі 6 цифр — құрылғының бренді мен моделінің идентификаторы.
- кейінгі 6 цифр — өндіруші беретін, смартфонның сериялық нөмірі.
- соңғы цифр – кодтың дұрыс екенінің растамасы.
Заң бойынша 2025 жылғы 25 мамырдан бастап Kaspi.kz-тегі Магазинде тапсырысты алғаннан кейін ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің базасы арқылы тексеруден өткізу үшін IMEI-кодты көрсету керек.
ҚР Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидалары
Егер код тізімде болса, телефон немесе планшет заңды түрде әкелінген және Қазақстанның ұялы желілерінде жұмыс істейтін болады.
Егер IMEI базада болмаса, кодты анықтауы үшін жеткізушіге хабарласыңыз. Телефондарды немесе планшеттерді өндірушіден тікелей сатып алған кезде, импорттаушы ретінде өзіңіз анықтауға өтінім беріңіз.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?