Kaspi.kz-тегі сатушы кабинетінің веб-нұсқасында «Тауарларды басқару» бөліміне өтіңіз.
Бос үлгіні пайдаланыңыз немесе Прайс-парақ → Excel форматында көшіріп алу бөлімінде каталогыңыз бар прайс-парақты жүктеп алыңыз.
Жолдардағы ұяшықтарды толтырыңыз:
SKU
сатушының жүйесіндегі тауар артикулы
model
тауардың атауы мен түрлендірілуі
brand
бренд немесе өндіруші.
Егер тауарды сату үшін Kaspi.kz-тегі Магазинде сауда-саттыққа рұқсат алу қажет болмаса, «Брендсіз» деп жазыңыз.
Брендтер мен санаттар
price
бағаны теңгемен көрсетіңіз
PP1-PP5
бұл қоймалардың сәйкестендіру нөмірлері.
Қолда бар тауар санын көрсетіңіз. Сатып алушылар қолда бар тауардан көп тауарға тапсырыс бере алмайды.
Сондай-ақ сіз мыналарды көрсете аласыз::
• «yes» — тауар қолда бар орындар үшін;
• «no» — бұл позициялар қазір болмаса.
Назар аударыңыз: файлда міндетті түрде барлық 5 баған болуы тиіс: PP1, PP2, PP3, PP4, PP5. Сізде бес қоймадан кем болса, артық бағандарды бос қалдырыңыз.
preorder
өзі алып кететін күнге немесе жеткізу мерзіміне қосылатын алдын ала тапсырыстың күнтізбелік күндерінің саны ең көбі — 30.
Егер тауарға алдын ала тапсырыс берудің қажеті болмаса, ұяшықты бос қалдырыңыз.
Прайс-парақтың қатесіз салынуы және тауарлар туралы ақпараттың дұрыс жаңартылуы үшін келесі ұсынымдарды орындаңыз:
- файлдағы парақтар санын өзгертпеңіз.
- тауарлар туралы ақпаратты бірінші параққа жазыңыз.
- кестедегі бағандарды өшірмеңіз немесе жаңаларын жасамаңыз.
- тақырып атауларын: SKU, model, brand, price, PP1-PP5, preorder өзгертпеңіз.
- «Tab» пернесінің көмегімен шегіністерді пайдаланбаңыз және ұяшықтардың ішіндегі жолдарды тасымалдамаңыз.
Ары қарай «Прайс-парақты салу» деп басып, толтырылған файлды таңдаңыз. Каталогыңыз 15 минуттың ішінде жаңартылады.
Жаңартылды 30.01.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Тауарлар