Мұны Kaspi.kz-тегі Магазиннің сатушысы кабинетінің веб-нұсқасында жасауға болады. Тәсіл прайс-парақтың пішіміне байланысты:
Excel
Бос үлгіні пайдаланыңыз немесе Тауарларды басқару → Прайс-парақ → Excel пішімінде көшіріп алу бөлімінде каталогыңыз бар прайс-парақты жүктеңіз.
Файлды толтырыңыз. Қажетті тауардың жанындағы preorder жолында оның қанша күннен кейін қоймаңызда болатынын көрсетіңіз.
«Прайс-парақты салу» деп басып, толтырылған файлды таңдаңыз. Каталогыңыз 15 минуттың ішінде жаңартылады.
XML
Тауарларыңыз туралы ақпараты бар XML файлын жасаңыз.
XML файлының мазмұн мысалыСкопировано<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<kaspi_catalog date="string"
xmlns="kaspiShopping"
xmlns:xsi="http://www.w3.org/2001/XMLSchema-instance"
xsi:schemaLocation="kaspiShopping http://kaspi.kz/kaspishopping.xsd">
<company>CompanyName</company>
<merchantid>CompanyID</merchantid>
<offers>
<offer sku="232130213">
<model>iphone 5s white 32gb</model>
<brand>Apple</brand>
<availabilities>
<availability available="yes" storeId="myFavoritePickupPoint1" preOrder="3" stockCount="234"/>
<availability available="yes" storeId="myFavoritePickupPoint2" preOrder="20" stockCount="234"/>
</availabilities>
<price>6418</price>
</offer>
<offer sku="232130223">
<model>iphone 6s white 32gb</model>
<brand>Apple</brand>
<availabilities>
<availability available="yes" storeId="myFavoritePickupPoint1" preOrder="3" stockCount="234"/>
<availability available="yes" storeId="myFavoritePickupPoint2" preOrder="20" stockCount="234"/>
</availabilities>
<cityprices>
<cityprice cityId="750000000">193000</cityprice>
<cityprice cityId="710000000">195000</cityprice>
</cityprices>
</offer>
</offers>
</kaspi_catalog>
Мұндай пішімдегі прайс-парақта бір тауар үшін алдын ала тапсырыстың әртүрлі мерзімін белгілеуге болады, бірақ ол әртүрлі қалада сатылса ғана.
Қажетті өнімнің availability бөлімінде preorder параметрін толтырыңыз – оның қоймаңызда қанша күннен кейін болатынын көрсетіңіз.
Файлды Тауарлар → Прайс-парақты салу → Қолдан салу бөліміне көшіріңіз.
Егер сізге прайс-парақты автоматты түрде жаңарту қажет болса, XML файлын http немесе https серверіне салып, оған сілтемені Тауарлар → Прайс-парақты салу→ Автомат түрде салу бөлімінде қойыңыз. Содан кейін прайс-параққа арналған ақпаратты серверге автоматты түрде салып отыру үшін есепке алу жүйеңізді баптаңыз.
Алдын ала тапсырыс мерзімі – күнтізбелік 30 күн немесе одан аз. Ол сіз тауарды сататын бір қаладағы барлық қойма үшін бірдей болуы тиіс.
Назар аударыңыз: тауар карточкасын өңдемеңіз, әйтпесе сатып алушылар оған алдын ала тапсырысты ресімдей алмайды. Бұл үшін прайс-парақты пайдаланыңыз.
Жаңартылды 24.10.2025Қолданушылардың 69% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Тауарлар