• Сіз прайс-парақта көрсеткен тауарлар Kaspi.kz-те сатушы кабинетінің веб-нұсқасындағы «Без привязки» бөліміне түседі. Оларды сатуға шығарудың бірнеше тәсілі бар:

     

     
    Kaspi Pay қосымшасында

    Өз тауарыңызды қолданыстағы карточкаға тіркеу

     

    «Без привязки» бөлімінде қажет тауарды, содан кейін ерекшелігіне сәйкес келетінін карточканы таңдап, «Привязать к существующему» деп басыңыз.

     

    15 минуттың ішінде тауарыңыз сатылымға шығарылады.

     

    Жаңа тауар карточкасын жасау

     

    «Без привязки» бөлімінде қажет тауарды таңдаңыз.

     

    «Добавить как новый товар» деп басып, тізімнен санатты таңдаңыз да, жолдарды толтырыңыз — міндетті түрде толтырылатыны жұлдызшамен белгіленеді.

     

    Тауарды көрнекі көрсету үшін суреттерді жүктеңіз.

     

    Жаңа карточкаларды тексеру 3 жұмыс күніне дейін созылады, содан кейін тауар сатылымға шығарылады.

     

     
    Kaspi.kz-те сатушының кабинетінің веб-нұсқасында

    Өз тауарыңызды қолданыстағы карточкаға тіркеу

     

    Нераспознанные товары → Без привязки бөлімінде қажет тауарды, содан кейін ерекшелігіне сәйкес келетінін карточканы таңдап, «Добавить» деп басыңыз.

     

    15 минуттың ішінде тауарыңыз сатылымға шығарылады.

     

    Жаңа тауар карточкасын жасау

     

    Нераспознанные товары → Без привязки бөлімінде қажет тауарды таңдаңыз.

     

    «Добавить новый товар» деп басып, тізімнен санатты таңдаңыз да, жолдарды толтырыңыз — міндетті түрде толтырылатыны жұлдызшамен белгіленеді. Тауарды көрнекі көрсету үшін «Изображения» қосымша бетінде суреттерді жүктеңіз.

     

    Жаңа карточкаларды тексеру 3 жұмыс күніне дейін созылады, содан кейін тауар сатылымға шығарылады.

     

    Жаңа тауарлар туралы ақпарат бар үлгіні жүктеу

     

    Осылай бірден бірнеше жаңа карточка жасауға болады.

     

    1. Файлды жүктеп, толтырыңыз.

     

    Нераспознанные товары → Загрузить информацию о товарах → Перейти к выгрузке шаблонов бөліміне өтіңіз, тізімнен санатты таңдап, «Скачать» деп басыңыз. 

     

    Жүктелген файлды ашыңыз. Қалқымалы жолда макростарды іске қосу үшін «Включить содержимое» деп басыңыз – олар деректерді Kaspi.kz-тегі Магазинге ауыстыру үшін қажет.

     

    «intro» парағындағы нұсқаулықпен танысып, «attributes» парағындағы кестені толтырыңыз. Егер киімнің немесе аяқкиімнің бір моделін, бірақ әртүрлі түстерін немесе өлшемдерін сатуға қойғыңыз келсе, «Объединить в одну карточку» жолында әр тауарға бірдей сан көрсетіңіз.

     

    2. Тауарлардың суреттерін дайындаңыз.

     

    «images» атты папканы жасаңыз. Егер фотосурет көп болса, әрқайсысының өлшемі 1 МБ-дан аспауы керек. Суреттерді қосудың бірнеше тәсілі бар:

     

    «артикул товара_порядковый номер фотографии» пішімінде оларға атау беріңіз. Мысалы: 1234_1, 1234_2, 1234_3. Оларды папкаға салыңыз.

     

    «images» ішінде тауар артикулының атауы бар папканы жасаңыз. Оған суреттерді салып, оларға 1-ден 10-ға дейін атау беріңіз. Excel кестесінің ішіндегі ««Код изображений» бағанында артикулды көрсетіңіз.

     

    3. Kaspi.kz-тегі Магазинде тауарлар туралы ақпаратты жүктеңіз.

     

    Тауарлар туралы ақпарат бар үлгіні және «images» папкасын ZIP пішіміне архивтеңіз. Ықшамдалған ZIP папкасының өлшемі 100 МБ аспауға тиіс.

     

    Нераспознанные товары бөліміне → Загрузить информацию о товарах → Перейти к загрузке шаблонов → Загрузить шаблон деп өтіп, дайындалған ZIP папканы таңдап, әрекетті растаңыз.

     

    4. Тауарларды сатуға шығарыңыз.

     

    Өңдеуден кейін тауарлар тексеруге түседі және Нераспознанные товары → На проверке бөлімінде болады. Тексеру 3 жұмыс күні ішінде аяқталады және тауарлар Управление товарами → Сняты с продажи бөліміне өтеді. Сізге олардың бағасын және бар екенін көрсету керек.

     

    Назар аударыңыз: кейбір брендтердің тауарларына Kaspi.kz-тегі Магазинде саудаға рұқсат алмай сатуға шектеу қойылған.


    Брендтер мен санаттар
     

    Рұқсат алу үшін сатушының кабинетінде үлгіні толтырыңыз. Ол шектеу қойылған брендтің тауарын қосқан кезде пайда болады.

    Жаңартылды 28.10.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?