Тауарлар
  • Орналастыру үшін сатуға рұқсат алу қажет Kaspi.kz-тегі Магазиндегі барлық тауардың тізімі:


    Брендтер мен санаттар
     

    Kaspi.kz-тегі Магазинде шектеу қойылған брендтердің тауарларын сатуға рұқсат алу үшін үлгіні толтырыңыз. Сату үшін тауарды қандай тәсілмен алатыныңызға байланысты құжаттарды тіркеңіз:

     

     
    Жеткізуші тауарды брендтің ресми өкілінен сатып алып, оны сізге сатады.
    • Жеткізушінің тауарды сату құқығын растайтын тауар белгісінің құқық иесінің ақпараттық хаты.
    • Жеткізушімен немесе құқық иесімен — бренд иесімен тауарды сатып алу шарты.
    • Тауарды сатып алғаныңызды растайтын жүкқұжаттар немесе чектер. Әр бренд бойынша соңғы 90 күн ішінде, тауар белгісі көрсетілген, кемінде 10 дана.

     

     
    Жеткізуші тауарды брендтің ресми өкілінен сатып алады және оны делдалға сатады. Сіз тауарды делдалдан сатып аласыз.
    • Жеткізушіден тауар сатып алатын делдалмен шарт.
    • Тауарды сатып алғаныңызды растайтын жүкқұжаттар немесе чектер. Әр бренд бойынша соңғы 90 күн ішінде, тауар белгісі көрсетілген, кемінде 10 дана.
    • Делдал компанияның одан тауар сатып алу фактісін растайтын ресми дистрибьютордың ақпараттық хаты.
    • Компанияның ресми дистрибьютор ретіндегі мәртебесін растайтын брендтің құқық иесінің ақпараттық хаты.

     

     
    Сіз тауарды брендтің ресми сайтынан сатып аласыз.

    Сіз рұқсатты тауар қоймаңызға келген кезде ғана ала аласыз. Ол үшін мыналар қажет:

     

    • Брендтің ресми сайтына сілтеме.
    • Kaspi.kz-тегі Магазинде өзіңіз сатқыңыз келетін брендтердің тауарларына электрондық чектер.

     

    Шарттары:

     

    Чектер компания басшысының атына жазылуы керек;

    тауарлардың ең аз саны – 10;

    сатып алған күннен бастап 60 күннен аспауы керек

     

    • Сатып алуды растайтын компания басшысы ашқан шоттан үзінді көшірме.
    • Тауарды алу туралы ақпарат бар көлік құжаттары.

     

    Ерекшелік: «Телефондар мен гаджеттер», «Тұрмыстық техника», «ТД, Аудио, Видео», «Компьютерлер», «Сұлулық және денсаулық». Егер ресми сайттан сатып алсаңыз,  осы санаттағы брендтердің тауарларын сатуға рұқсат ала алмайсыз.

     

    Назар аударыңыз: Kaspi.kz-тегі Магазин:

     

    • егер тауар ресми емес интернет-дүкендерден сатып алынған болса, белгілі бір брендтің тауарын орналастыруға рұқсат бермеуі мүмкін.

     

    • қажет болған кезде Сізден құжаттарды қайта сұрата алады.

      Жалған құжат ұсынғаны үшін Kaspi.kz-тегі Магазиннен ажыратуға дейін шара қолданылуы мүмкін.

      Әр нақты жағдайда шешім жеке қабылданады. 
    Жаңартылды 20.02.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?