• Алдын ала тапсырыс — қолда  әлі жоқ тауарды сату мүмкіндігі. Мысалы, егер тапсырысқа өнім сатып алып жатсаңыз, онда клиенттерге бұл тауарды қоймаға түскенге дейін сатып алуды ұсына аласыз.

     

    Ол үшін тауарды сатушы кабинетінің веб-нұсқасында прайс-парақтың көмегімен сатуға қою керек. Әдіс прайс-парақтың пішіміне байланысты:

     

    Excel

    Бос үлгіні пайдаланыңыз немесе Тауарларды басқару → Прайс-парақ → Excel форматында көшіріп алу бөлімінде каталогыңыз бар прайс-парақты жүктеп алыңыз.

     

    Файлды толтырыңыз. Preorder жолында тауардың қоймаңызда қанша күннен кейін болатынын көрсетіңіз.

     

    «Прайс-парақты салу» деп  басып, толтырылған файлды таңдаңыз. Каталогыңыз 15 минуттың ішінде жаңартылады.

     

    XML

    XML-файлын серверіңізге салып, оған сілтемені  Тауарлар → Прайс-парақты салуАвтомат түрде салу бөлімінде қойыңыз.

     

    Availability бөлімінде preorder параметрін толтырыңыз.

     

    Алдын ала тапсырыс мерзімі — күнтізбелік 30 күн немесе одан аз. Ол сіз тауарды сататын бір қаладағы барлық қойма үшін бірдей болуы тиіс.

     

    Назар аударыңыз: тауар карточкасын өңдемеңіз, әйтпесе сатып алушылар оған алдын ала тапсырысты ресімдей алмайды. Бұл үшін прайс-парақты пайдаланыңыз.

    Жаңартылды 30.09.2025

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?