• Тауар карточкасында сатушылардың тізімдегі орнына мыналар әсер етеді:

     

    1. Сатушы беретін бонус
      Сатып алғаныңыз үшін бонус ұсынатын серіктестер тізімнің басында тұрады.
       
    2. Баға
      Егер бонус болмаса немесе оның мөлшері бірдей болса, тауардың бағасын төмен қойған сатушылар жоғары көрсетіледі.
       
    3. Рейтинг
      Бағасы бірдей болса, рейтингі жоғары сатушы бірінші болып көрсетіледі.
       
    4. Сатып алушылардың пікірлері
      Баға, бонус және рейтинг бірдей болғанда, пікірлер саны көп серіктес тізімде жоғары тұрады.

     

    5. Жеткізу жылдамдығы

    Үздік үштік қатарында әрдайым ең жылдам жеткізетін сатушы көрсетіледі. Баға мен бонус бойынша бәсекелестерінен қалып қойса, тауар карточкасында автоматты түрде үшінші орынға орналасады.
     

    Бағасы төмен сатушы басқа серіктестердің рейтингі жоғары немесе бонусы көп болса да, тауар карточкасында бірінші болып көрсетіледі.

     

    Назар аударыңыз: Kaspi.kz қосымшасы біртіндеп жаңартылады.

    Жаңартылды 15.06.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?