• Мұны жасаудың екі тәсілі бар:

     

    Kaspi Pay қосымшасында

    Kaspi.kz-тегі Магазин → Тауарлар деп өтіңіз.

     

    сатушы кабинетінің веб-нұсқасында

    Тауарлар → Тауарларды басқару бөлімін ашыңыз.

     

    Қажетті тауарды таңдап, , содан кейін «Тауардың карточкасын өңдеу» деп басыңыз.

     

     басыңыз немесе Youtube-қа сілтемені алып тастаңыз.

     

    Бейнероликтің ұзақтығына қарай оны екі тәсілмен жүктей аласыз:

     

    5–60 секунд аралығында

     

    «Бейнеролик» жолында «Жүктеу» деп басыңыз. Фотосуреттер жинағынан мынадай талаптарға сәйкес келетін қажетті роликті таңдаңыз:

     

    • пішімі: MP4 немесе 4MOV;
    • файлдың көлемі: 30 МБ дейін;
    • өлшемінің арақатынасы: 1:1, 3:4 немесе 4:3;
    • сурет пен дыбысы жақсы сапада, бөгде шуылсыз болуы керек.

     

    «Жалғастыру» және «Өңдеуге өтінім беру» деп басыңыз. Қарастыру мерзімі экранда көрсетіледі, содан кейін бейнеролик тауардың фотосуреттері бар карусельде көрінеді.

     

    Тексеру нәтижесін тауардың карточкасынан көре аласыз.

    Егер өтінім модерациядан өтпесе, бас тарту себебін көре аласыз. Ол үшін «Толығырақ білу» деп басыңыз.

     

    1–10 минут аралығында

     

     «YouTube-қа сілтеме» жолында бейнероликке сілтемені көрсетіп, «Өзгерісті сақтау» деп басыңыз.

     

    Бейнеролик: орыс, қазақ тілдерінде, ағылшын тілінде орыс немесе қазақ субтитрімен болуы мүмкін.

     

    Ары қарай «Жалғастыру» және «Өңдеуге өтінім беру» деп басыңыз. Осыдан кейін тауар тексеріледі, ол 1 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін. Оның нәтижесі бойынша Сізге Kaspi Pay қосымшасында Kaspi.kz-тегі Магазиннен хабарлама жолданады.

    Жаңартылды 07.10.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?