• Тауардың бағасын бірнеше тәсілмен өзгерте аласыз:

     

     
    Kaspi Pay қосымшасында

    Kaspi.kz-тегі Магазин→ Тауарлар бөліміне өтіп, қажетті тауарды таңдаңыз. Ол үшін атауы бойынша іздеуді пайдаланыңыз немесе санат, қойма, бренд, жеңілдік бойынша сүзгіні баптаңыз. Тауардың жанындағы үш нүктені, содан кейін «Бағасы мен қалғанын өзгерту» деп басып, жаңа құнын көрсетіңіз.

     

    Сондай-ақ бағаны тауардың карточкасында өзгерте аласыз.

     

    1. Тауар дың бір карточкасын өзгерту.

     

    Тауарлар → Тауарларды басқару бөліміне өтіп, қажетті тауарды табыңыз. Ол үшін атауы бойынша іздеуді пайдаланыңыз немесе санаты бойынша сүзгіні баптаңыз. Тауардың жанындағы үш нүктені, содан кейін «Бағасы мен қалғанын өзгерту» деп басыңыз, жаңа құнын көрсетіп, өзгерісті сақтаңыз.

     

    Сондай-ақ әр қала үшін әртүрлі баға белгілей аласыз. Ол үшін «Барлық қалаға бірдей» белгісін алып тастап, дүкендердің мекенжайларының жанындағы жолдарда құнын көрсетіңіз.

     

    2. Тауарлар туралы жаңартылған, ақпарат бар қты жүктеу.

     

    Осылайша бірден бірнеше карточканы өңдеуге болады.

     

    Тауарлар → Прайс-парақты жүктеу бөліміне өтіңіз. Файлды жүктеп, оны толтырыңыз. Қай тауарың бағасы өзгергенін көрсетіп, оны «Қолмен жүктеу» терезесіне әкеліңіз.

     

    Назар аударыңыз: Kaspi. kz-тегі Магазинде тауардың құны 15 минуттың ішінде жаңартылады. 

    Жаңартылды 28.09.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?