• Мұны мына жағдайларда жасай аласыз:

     

     
    жаңа тауарды жүктеу
    •  Kaspi Pay қосымшасында 

    Kaspi.kz-тегі Магазин → Тауарлар → Тауар қосу деп ашыңыз. Атауын немесе артикулын енгізіп, «Өзіңіз қосыңыз» деп басыңыз.

     

    Тауарларды басқару → Тауар қосу → Жаңа тауар карточкасын қосу деп өтіңіз.

     

    Ұсынылған тізімнен санат пен брендті таңдаңыз. Атауын көрсетіңіз. Кейбір тауарлар үшін ол автоматты түрде жасақталады, бұл туралы ақпарат экранда шығады. 

     

    Фотосуреттерді қосыңыз. Бірінші сурет карточкада негізгі болады. Сондай-ақ тауар туралы бейнероликті жүктей аласыз. Роликтің ұзақтығына қарай, мұны екі тәсілмен жасауға болады:

     

    5-60 секунд аралығында

    «Бейнеролик» жолында «Жүктеу» деп басыңыз. Фотосуреттер жинағынан мына талаптарға сәйкес келетін қажетті роликті таңдаңыз:

     

    пішімі: MP4 немесе 4MOV;

    файлдың көлемі: 30 МБ-қа дейін;

    өлшемінің арақатынасы: 1:1, 3:4 немесе 4:3;

    суреті мен дыбысы жақсы сапада, бөгде шусыз болуы керек.

     

    1-10 минут аралығында

    «YouTube-қа сілтеме» жолында бейнероликке сілтемені көрсетіңіз.

     

    Бейнеролик: орыс, қазақ тілдерінде, ағылшын тілінде орыс немесе қазақ субтитрімен болуы мүмкін.

     

    Негізгі сипаттамасын толтырыңыз. Ол тауардың санатына байланысты және үлгісін, пішінін, түсін немесе өлшемін қамтуы мүмкін. Егер сәйкес келетіні болмаса, «Мән қосу» деп басыңыз.

     

    Қосымша сипаттамаларды көрсету қажет емес. Бірақ неғұрлым көп дерек қоссаңыз, сатып алушылар карточкаңызды оңай табады.

     

    Бағасын енгізіңіз. Егер құнын бірдей көрсеткіңіз келсе, «Қалалардың бәріне бір баға» деп қосыңыз. Тауар біткен кезде сатылымнан алып тастау үшін қоймадағы қалған тауардың санын көрсетіңіз.

     

     
    позиция каталогыңызда бұрыннан бар болса          

     Kaspi Pay қосымшасында

    Kaspi.kz-тегі Магазин → Тауарлар деп өтіңіз.

     

    сатушы кабинетінің веб-нұсқасында

    Тауарлар → Тауарларды басқару бөлімін ашыңыз.

     

    Қажетті тауарды таңдап,  басыңыз, содан кейін «Тауардың карточкасын өңдеу» деп басыңыз.

     

    Бейнероликтің ұзақтығына қарай оны екі тәсілмен жүктей аласыз:

     

    5—60 секунд аралығында

    «Бейнеролик» жолында «Жүктеу» деп басыңыз. Фотосуреттер жинағынан мынадай талаптарға сәйкес келетін қажетті роликті таңдаңыз:

     

    • пішімі: MP4 немесе 4MOV;
    • файлдың көлемі: 30 МБ дейін;
    • өлшемінің арақатынасы: 1:1, 3:4 немесе 4:3;
    • суреті мен дыбысы жақсы сапада, бөгде шусыз болуы керек.

     

    «Жалғастыру» және «Өңдеуге өтінім беру» деп басыңыз. Қарастыру мерзімі экранда көрсетіледі, содан кейін бейнеролик тауардың фотосуреттері бар карусельде көрінеді.

     

    Тексеру нәтижесін тауардың карточкасынан көруге болады.

    Егер өтінім модерациядан өтпесе, бас тарту себебін көре аласыз. Ол үшін «Толығырақ білу» деп басыңыз.

     

    1—10 минут аралығында

    «YouTube-қа сілтеме» жолында бейнероликке сілтемені көрсетіп, «Өзгерісті сақтау» деп басыңыз.

     

    Бейнеролик: орыс, қазақ тілдерінде, ағылшын тілінде орыс немесе қазақ субтитрімен болуы мүмкін.

     

    Ары қарай «Жалғастыру» және «Өңдеуге өтінім беру» деп басыңыз. Осыдан кейін тауар тексеріледі, ол 1 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін. Оның нәтижесі бойынша Сізге Kaspi Pay қосымшасында Kaspi.kz-тегі Магазиннен хабарлама жолданады.

    Жаңартылды 12.11.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?