• Kaspi.kz-тегі Магазинде бейнероликтің ұзақтығына қарай мынандай талаптар қойылады:

     

    5–60 секунд аралығында

     

    • пішімі: MP4 немесе 4MOV;
    • файлдың көлемі: 30 МБ дейін;
    • өлшемінің арақатынасы: 1:1, 3:4 немесе 4:3.

     

    1–10 минут аралығында

     

    • дереккөз: YouTube.
    • тілі: орыс, қазақ, ағылшын (орыс немесе қазақ субтитрімен).

     

    Сатып алушы тауар туралы толық мәлімет алуы үшін мынадай ұсыныстарды орындаңыз:

     

    1. Өндірушінің тауарға жасаған бейнешолуына басымдық беріңіз.

    2. Бейнероликте балағат сөздер мен жарнама («науқан», «жаппай сатылым», «жеңілдік», «тек бүгін ғана») болмауы керек.

    3. Әртүрлі өндірушілердің тауарларын салыстыратын роликтерді пайдаланбаңыз.

    4. Превью және бейнероликтің атауы тауардың кемшіліктерін көрсетпеуге тиіс.

    5. Роликтің суреті мен дыбысы жақсы сапада, бөгде шусыз болуы керек.

    Жаңартылды 07.10.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?