• Сіз Kaspi.kz-тегі Магазинде сатуға және жарнамалауға болмайтын мынадай тауарға карточка жасауға тырысып отырсыз:

     

    • бұрын пайдаланылған, қолдан жасалған және көшірме тауарлар;
       
    • теле және радиохабарларын таратуға арналған тауарлар;
      Егер сигналды лицензиясы жоқ операторлардан қабылдаса.
       
    • діни жоралғыларда пайдалануға арналған тауарлар;
      Әдебиет, намаз оқитын кілемшелер және т. б.
       
    • тыйым салынған рәміздері бар, әдепсіз сөздер жазылған, зорлық-зомбылықты, есірткі құралдарын және қатыгездікті насихаттайтын тауарлар;
       
    • беделге нұқсан келтіретін немесе құрметсіздік танытатын, қорлайтын немесе ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау ретінде қабылдануы мүмкін суреттері бар тауарлар;
       
    • адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына қауіпті тауарлар;
      Темекі шегуге арналған тауарлар, қару - жарақ және оған құрылымдық жағынан ұқсас бұйымдар, мысалы, кастеттер мен телескопиялық таяқшалар, жануарларды үйретуге арналған шокерлер және т. б.
       
    • 18 + белгісі жазылған тауарлар;
       
    • тыңшылық мақсаттағы тауарлар;
      Кіріктірілген жасырын камерасы немесе жоғары жиілікті микрофоны бар және т. б.
       
    • цифрлық тауарлар;
      Сервистерге жазылу, бағдарламалық қамсыздандыруды іске қосу кілттері және т. б.
       
    • тегін таратуға арналған тауарлар. Мысалы, косметикалық заттардың шағын нұсқасы.
       

    Сондай-ақ жануарларды, ҚР әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының және салық органдарының формасын және ұяшықтары 100 мм-ден аз және жіртері 0,5 мм-ден жұқа синтетикалық балық аулау торларын сатуға тыйым салынады.
     

    Себептері:

     

    сату мен жарнамаға Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектеу қойылған;

     

    тауарды жеткізу арнайы шарттардың сақталуын, сондай-ақ рұқсаттың немесе лицензияның болуын талап етеді;

     

    техникалық шектеулер.

     

    Назар аударыңыз: сервис біртіндеп іске қосылады.

    Жаңартылды 22.04.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?