• Kaspi Pay қосымшасында Kaspi.kz-тегі Магазин → Тауарлар → Тауар қосу деп ашыңыз. Атауын немесе артикулын енгізіп, Өзіңіз қосыңыз → Kaspi Ai көмегімен тауар жасау дегенді басыңыз.

     

    Фотосуреттерді тіркеңіз. Kaspi AI карточканы дұрыс толтыру үшін басқа дүкендегі тауарға сілтемені және PDF, Excel немесе PPTX пішіміндегі файлды көрсете аласыз.

     

    Kaspi AI-дың санат пен брендті дұрыс анықтағанына көз жеткізіңіз. Оларды өзіңіз көрсете аласыз.

    Жасанды интеллект деректерді өңдеп болғанша күте тұрыңыз. Өңдеу барысында ол карточканы дұрыс толтыру үшін бирканың немесе қораптың фотосуретін, сипаттамасы жазылған файлды немесе тауарға сілтемені сұрауы мүмкін. Қажет болса, бұл әрекетті өткізіп жіберуге болады.

     

    Kaspi AI фотосуреттерді жасайды, сипаттамаларын көрсетіп, сипатын дайындайды. Деректерді қайтадан үш рет жасауға немесе оларды қолмен өңдеуге болады. Бағасын және қоймадағы қалған тауарды көрсетіңіз.

     

    Деректерді тексеріп, Тауар карточкасын алдын ала қарау → Сатылымға шығару дегенді басыңыз. Тексергеннен кейін тауар Kaspi.kz-тегі Магазинде пайда болады. Тексеру 3 жұмыс күніне дейін созылады.

     

    Назар аударыңыз:
     

    • кейбір брендтер мен санаттағы тауарларды сату үшін рұқсат қажет.


      Брендтер мен санаттар
       

      Рұқсат алу үшін қандай тауарды сататыныңызға қарай үлгіні толтырыңыз:

      Шектеулі брендтер 

      Шектеулі санаттар 

     

    • сервис біртіндеп іске қосылады
    Жаңартылды 22.04.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?