• Kaspi AI — бұл Kaspi.kz-тегі Магазиннің сатушыларына арналған жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін ассистент. Ол тауар карточкаларын жасауға және оларды сатылымға тезірек шығаруға көмектеседі.

     

    Серіктестер енді тауар туралы ақпаратты іздеуге, деректерді толтыруға және фотосуреттерді дайындауға уақыт жұмсамаса да болады. Kaspi AI бірнеше минутта атауы мен санатын таңдайды, негізгі және қосымша сипаттамаларын толтырып, сипатын жазады, фотосуреттерді жақсартып, жасайды. Суреттер табиғи ортадағы модельде немесе интерьерде шынайы көрсетіледі, ал қысқаша жазылған сипаттама тауардың артықшылықтарын көрсетеді.

     

    Kaspi AI оңай жұмыс істейді: тауарды суретке түсіріп, қажет болса, басқа дүкендерге сілтемелерді, ақпараты бар файлдарды, бирканың немесе қораптың фотосуреттерін тіркеңіз. Содан кейін жасанды интеллект карточканың дайын нұсқасын ұсынады.

     

    Деректерді қолмен өңдеуге немесе Kaspi AI-дан суреттерді қайта жасауды, сипатын немесе сипаттамасын қайта жазуды сұрауға болады.

     

    Назар аударыңыз: сервис біртіндеп іске қосылады.

    Жаңартылды 22.04.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?