Бірнеше тәсілі бар:
Kaspi Pay қосымшасында
Kaspi.kz-тегі Магазин → Тауарлар → Тауар қосу.
Сатушы кабинетінің веб-нұсқасында
Тауарлар → Тауарларды басқару → Тауар қосу → Жаңа тауар карточкасын қосу.
Сипаттамаларды толтырған кезде қажетті жолды ашып, ашылған тізімнен «Жаңа мәнді қосу» деп басыңыз.
Содан кейін:
- жаңа мәннің атауын енгізіңіз;
- қаптаманың немесе ол көрсетілген нұсқаулықтың фотосуретін;
- басқа интернет-дүкенде сипаттамалары тура осындай тауарға сілтемені көрсетіңіз.
Ары қарай, карточканы толтыруды жалғастырыңыз және оны тексеруге жіберу үшін өзгерістерді сақтаңыз. Тексеру 3 жұмыс күніне дейін созылады, содан кейін тауар сатылымға шығарылады.
Егер ол модерациядан өтпесе, онда «Жетілдіру керек» қосымша бетіне ауыстырылады. Өзгертілуі тиіс карточкадағы жолдар қызыл түспен белгіленеді, ал үстінен қандай нақтылауды қосу керектігі көрсетілген түсініктеме көрсетіледі.
Сіз карточканы түзетіп, оны тексеруге қайта жібере аласыз.
Жаңартылды 23.02.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Тауарлар