• Бірнеше тәсілі бар:

     

     
    Kaspi AI көмегімен

    Kaspi Pay қосымшасында Kaspi.kz-тегі Магазин → Тауарлар → Тауар қосу деп ашыңыз. Атауын немесе артикулын енгізіп, Өзіңіз қосыңыз → Kaspi Ai көмегімен тауар жасау дегенді басыңыз.

     

    Фотосуреттерді тіркеңіз. Kaspi AI карточканы дұрыс толтыру үшін басқа дүкендегі тауарға сілтемені және PDF, Excel немесе PPTX пішіміндегі файлды көрсете аласыз.

     

    Kaspi AI-дың санат пен брендті дұрыс анықтағанына көз жеткізіңіз. Оларды өзіңіз көрсетуге болады.

     

    Жасанды интеллект деректерді өңдеп болғанша күте тұрыңыз. Өңдеу барысында ол карточканы дұрыс толтыру үшін бирканың немесе қораптың фотосуретін, сипаттамасы жазылған файлды немесе тауарға сілтемені сұрауы мүмкін. Қажет болса, бұл әрекетті өткізіп жіберуге болады.

     

    Kaspi AI фотосуреттерді жасайды, сипаттамаларын көрсетіп, сипатын дайындайды. Деректерді қайтадан үш рет жасауға немесе оларды қолмен өңдеуге болады.

     

    Бағасын және қоймадағы қалған тауарды көрсетіңіз. Деректерді тексеріп, Тауар карточкасын алдын ала қарау → Сатылымға шығару дегенді басыңыз. Тексергеннен кейін тауар Kaspi.kz-тегі Магазинде пайда болады. Тексеру 3 жұмыс күніне дейін созылады.

     

    Назар аударыңыз: сервис біртіндеп іске қосылады.

     

     

    Қолмен

    • Kaspi Pay қосымшасында 
      Kaspi.kz-тегі Магазин → Тауарлар → Тауар қосу деп ашыңыз. Атауын немесе артикулын енгізіп, Өзіңіз қосыңыз дегенді басыңыз.
       
    • сатушының кабинетінің веб-нұсқасында
      Тауарларды басқару → Тауар қосу → Жаңа тауар карточкасын қосу деп өтіңіз.

     

    Ұсынылған тізімнен санат пен брендті таңдаңыз.  Атауын көрсетіңіз. Кейбір тауарлар үшін ол автоматты түрде жасақталады, бұл туралы ақпарат экранда пайда болады.

     

    Фотосуретті жүктеңіз. Бірінші сурет карточкадағы негізгі сурет болады. Сондай-ақ YouTube-тағы шолуға немесе таныстырылымға сілтемені қоса аласыз.

     

    Негізгі сипаттамасын толтырыңыз. Ол тауардың санатына байланысты және үлгісін, пішінін, түсін немесе өлшемін қамтуы мүмкін. Егер сәйкес келетіні болмаса, «Мән қосу» деп басыңыз. 

     

    Қосымша сипаттамаларды көрсету қажет емес. Бірақ неғұрлым көп дерек қоссаңыз, сатып алушылар карточкаңызды оңай табады.

     

    Бағасын енгізіңіз. Егер құнын бірдей көрсеткіңіз келсе, «Қалалардың бәріне бір баға» дегенді қосыңыз. Тауар біткен кезде сатылымнан алып тастау үшін қоймадағы қалған тауардың санын көрсетіңіз.

     

    Карточканы тексеруге жіберу үшін өзгерістерді сақтаңыз. Тексеру 3 жұмыс күніне дейін созылады, содан кейін тауар сатылымға шығарылады.

     

    Егер ол модерациядан өтпесе, онда «Жетілдіру керек» қосымша бетіне ауыстырылады. Өзгертілуі тиіс карточкадағы жолдар қызыл түспен белгіленеді, ал үстінен қандай нақтылауды қосу керектігі көрсетілген түсініктеме көрсетіледі.

     

    Сіз карточканы түзетіп, оны тексеруге қайта жібере аласыз.

     

    Назар аударыңыз: кейбір брендтер мен санаттағы тауарларды сату үшін рұқсат қажет.


    Брендтер мен санаттар
     

    Рұқсат алу үшін қандай тауарды сататыныңызға қарай үлгіні толтырыңыз:

     

    Шектеулі брендтер 

     

    Шектеулі санаттар 

     

    Kaspi Pay қосымшасының көмегімен Kaspi Магазинге қалай тауар қосуға болатынын бейнематериалдан көруді ұсынамыз: 

     

    Жаңартылды 22.04.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?