Тауарды Kaspi.kz-тегі Магазинге бірнеше тәсілмен қосуға болады:
Kaspi Pay мобильді қосымшасында
Kaspi.kz-тегі Магазинге → Тауар→ Жаңасын қосу деп өтіңіз.
Kaspi.kz-тегі сатушының кабинетінің веб-нұсқасында
Тауар → Тауарларды басқару → Тауарды қосу деп басыңыз.
Іздеу жолына атауын енгізіп, тізімде ұсынылғандардың ішінен лайықты позицияны таңдаңыз. Карточканың тауарыңызбен сәйкес келетініне көз жеткізіңіз: ол үшін сипатына өтіп, сипаттамаларын тексеріңіз. Тауар біткен кезде сатылымнан алып тастау үшін қоймадағы қалған тауардың бағасы мен санын көрсетіңіз. Бағаны енгізіңіз, қажет болған жағдайда «Қалалардың бәріне бір» белгісін қойыңыз.
15 минуттың ішінде тауарыңыз сатылымға шығарылады.
Назар аударыңыз: ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін тауарларды сату – бұл Kaspi.kz. Магазинмен жұмыс істеу ережесін бұзу. Бұл жағдайда ынтымақтастықты толық тоқтатуға дейін шектеу шаралары қолданылады.
Жаңартылды 04.08.2025Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Тауарлар