Мұны тек компания басшысы ғана жасай алады.
Kaspi Pay мобильді қосымшасында Kaspi.kz-тегі Магазинді басып, экрандағы кейінгі қадамдарды орындаңыз.
Ұйымды қосу үшін ол мына талаптарға сәйкес келуі керек:
- Kaspi Pay-дің серіктесі болу керек.
Ол үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасын жүктеп, тіркеуден өтсе болды.
- Kaspi Pay-мен соңғы 2 айдың ішінде кемінде 20 күн сату керек.
Бұл бизнестің жұмыс істейтінін әрі сенімді екенін тексеру үшін қажет.
Сондай-ақ Kaspi Pay серіктесі жұмыс істеу ережесін сақтауға міндетті.
Мыналарды:
- тауар немесе қызмет орнына ақша беруге;
- құнын көтеруге немесе Kaspi Pay-мен сатудан бас тартуға;
- тауарды жеткізу мерзімін кешіктіруге немесе оның күшін жоюға;
- үшінші тұлғаларға Kaspi Pay-ге қолжетімділік беруге;
- қаржылық немесе беделдік тәуекелдерге әкеп соқтыруы мүмкін басқа кез келген әрекетті жасауға болмайды.
Жұмыс істеу ережесін бұзған жағдайда, ынтымақтастықты тоқтатуға дейін шектеу шаралары қолданылады.
Толығырақ ақпарат мына құжатта: Kaspi Pay-мен жұмыс істеу ережесі.
Назар аударыңыз:
Kaspi.kz-тегі Магазинде қосуға қолжетімсіз немесе шектелген тауарлар бар.
Kaspi Pay қызметіндегі қызмет санаты қосылу туралы шешімге әсер етпейді.