• Kaspi.kz-тегі Магазинге қосылу үшін құжат қажет емес.

     

    Ұйым мына талаптарға сәйкес келуге тиіс:

     

    • Kaspi Pay серіктесі болу керек.
      Ол үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасын жүктеп, тіркеуден өтсе болды.

     

    • Kaspi Pay-мен соңғы 2 айдың ішінде кемінде 20 күн сату керек.  
      Бұл бизнестің жұмыс істейтінін әрі сенімді екенін тексеру үшін қажет.

      Сізде қанша сатылым бар екенін көру үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасында Kaspi.kz-тегі Магазинге өтіңіз. Содан кейін қосылу үшін қажетті күн жиналғанша қосымшаның басты бетінде есептеуіш көрсетіледі.


    Сондай-ақ Kaspi Pay серіктесі жұмыс істеу ережесін сақтауға міндетті.

     

    Мыналарды:

     

    • тауар немесе қызмет орнына ақша беруге;
    • құнын көтеруге немесе Kaspi Pay-мен сатудан бас тартуға;
    • тауарды жеткізу мерзімін кешіктіруге немесе оның күшін жоюға;
    • үшінші тұлғаларға Kaspi Pay-ге қолжетімділік беруге;
    • қаржылық немесе беделдік тәуекелдерге әкеп соқтыруы мүмкін басқа кез келген әрекетті жасауға болмайды.

     

    Жұмыс істеу ережесін бұзған жағдайда, ынтымақтастықты тоқтатуға дейін шектеу шаралары қолданылады.

     

    Толығырақ ақпарат мына құжатта: Kaspi Pay-мен жұмыс істеу ережесі.

     

    Kaspi.kz-тегі Магазинге қосылу үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасының басты бетінде Kaspi.kz-тегі Магазинді таңдап, экрандағы нұсқауды орындаңыз. Мұны тек компанияның басшысы ғана жасай алады.

    Kaspi Pay-дегі қызмет санаты қосылу туралы шешімге әсер етпейді.ді.

     

    Назар аударыңыз: кейбір брендтердің тауарларына Kaspi.kz-тегі Магазинде саудаға рұқсат алмай сатуға шектеу қойылған.


    Брендтер мен санаттар
     

    Рұқсат алу үшін сатушының кабинетінде үлгіні толтырыңыз. Ол шектеу қойылған брендтің тауарын қосқан кезде пайда болады.

    Жаңартылды 28.10.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?