Шарттары
Kaspi.kz-тегі Магазинде мына тауарларды сатуға және жарнамалауға болмайды:
- б/қ, қолдан жасалған және репликалар;
- теле- және радиохабар үшін;
Егер операторлардың сигналын лицензиясыз қабылдаса.
- діни ғұрыптарда пайдалану үшін;
Әдебиет, намаз кілемдері және т.б.
- тыйым салынған рәміздер, әдепсіз жазбалар бар, зорлық-зомбылықты, есірткі құралдарын және қатыгездік танытуды насихаттайтын;
- беделге нұқсан келтіруі мүмкін немесе құрметсіз, қорлайтын, не ар-намыс пен қадір-қасиетті кемсітетін деп қабылдануы ықтимал бейнелері бар фото;
- адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына қауіпті;
Темекі шегуге арналған тауарлар, қару және құрылымы жағынан оған ұқсас бұйымдар, мысалы, кастеттер мен телескопиялық шоқпарлар, жануарларды үйретуге арналған шокерлер және т.б.
- 18+ таңбасы бар;
- тыңшылық мақсаттағы тауарлар;
Жасырын камера немесе жоғары жиілікті микрофон орнатылған тауарлар және т.б.
- цифрлық тауарлар;
Сервистерге жазылымдар, бағдарламалық жасақтаманы іске қосуға арналған кілттер және т.б.
- тегін таратуға арналған тауарлар.
Мысалы, косметикалық құралдардың сынамалары.
Сондай-ақ жануарларды, ҚР әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдары мен салық органдарының формасын және синтетикалық балық аулайтын ауларды, ұяшықтары 100 мм-ден кіші және қылы 0,5 мм-ден жіңішке синтетикалық желілерді сатуға тыйым салынады.
Себептері:
сату және жарнама Қазақстан Республикасының заңнамасында шектеледі
тауарды жеткізу арнайы шарттардың сақталуын, сондай-ақ рұқсаттың немесе лицензияның болуын талап етеді;
техникалық шектеулер.
Жаңартылды 16.01.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
- б/қ, қолдан жасалған және репликалар;