• Kaspi.kz-тегі Магазинде парақшаңызда клиенттер мына ақпаратты көреді:

     

    • Дүкеннің атауы –компанияның атауы.
    • Логотип – егер бар болса, сіздің фирмалық тауар белгіңіз.
    • Рейтинг – сатушының жұмыс сапасының көрсеткіші. 0,5 қадаммен 1-ден 5-ке дейінгі шкала бойынша жұлдызбен көрсетіледі.
    • Сізге хабарлама жазуға немесе телефон соғуға арналған «Хабарласу» батырмасы. 
    • Пікірлер – бұрын сізден тауар сатып алған клиенттердің бағалары мен пікірлері.

    Сондай-ақ сатып алушылар сіздің Kaspi.kz-тегі Магазинге қосылған күніңізді және сатылым санын көре алады.

     

    Дүкеніңіз туралы ақпаратты Kaspi.kz-те сатушы кабинетінің веб-нұсқасынан көре аласыз: Остальное → НастройкиОбщая информация.

     

    Kaspi Pay мобильді қосымшасында Сервистер → Компания профилі → Брендім бөліміне өтіп, жаңа атауыңызды және логотипіңізді көрсетіңіз. Бұл тек клиентке көрінетін ақпарат. Ұйымның заңды деректері өзгермейді.

     

    Назар аударыңыз: Kaspi Pay қосымшасы біртіндеп жаңартылады.

    Жаңартылды 15.12.2025

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?