Kaspi.kz-тегі Магазиннің сатушысы сатып алушылармен жұмыс жасауда бірқатар ережені сақтауға міндетті.
Kaspi.kz-тегі Магазиннің Серіктесіне мыналарға:
- Тапсырысты өңдегенде
1.1. Тапсырыстарды API арқылы өңдеген жағдайды қоспағанда, келіп түскен тапсырыстарды Сатушының кабинетінен тыс жерде өңдеуге.
1.2. Тапсырыстан бас тартудың дұрыс емес себебін көрсетуге немесе сатып алушының тапсырыстан бас тартуын өтінуге.
1.3. Тапсырыстың орнына ақша беруге.
1.4. Тапсырысты сатып алушыға бергенге дейін сатып алушыдан сұратылған кодты енгізуді қоса алғанда, тауар сатып алушыға берілгенге дейін тапсырысты аяқтауға.
1.5. Тапсырысты назардан тыс қалдыруға, тауарларды сатып алушыға бермеуге немесе жеткізбеуге.
1.6. Егер тапсырыс кредитке немесе бөліп төлеу арқылы ресімделсе, сатып алушыдан төлемді жартылай қабылдауға тыйым салынады. Сатып алушы серіктеске ештеңе төлемеуі керек. Сатылған тауардың ақшасы тауарды сатып алушыға бергеннен кейін серіктестің банктік шотына түседі.
1.7. Сатып алушының келісімінсіз тапсырыстағы тауардың санын өзгертуге.
1.8. Тауарды басқасына ауыстыру туралы ұсыныспен немесе шындыққа сәйкес келмейтін себебін көрсетіп, тапсырыстан бас тартуды өтініп, сатып алушыға телефон соғуға немесе жазуға.
1.9. Тапсырысты жинаған кезде оған бөгде тауарларды, заттарды, ақшаны, купондарды, сертификаттарды, маркетингтік және кез келген басқа материалдарды және тапсырысқа қатысы жоқ және тапсырыс берілген тауар жиынтығының бөлігі болып табылмайтын заттарды салуға, сондай-ақ тауар карточкасында осындай заттар туралы көрсетуге тыйым салынады.
Ерекше жағдай: жүлде немесе сыйлық тауардың бөлігі немесе өндірушінің ресми ынталандырушы науқаны болып табылатын, ол туралы ақпарат тауардың өзінде көрсетілген жағдайларға жол беріледі.
2. Өзі жеткізгенде (Серіктестік)
2.1. Егер тапсырыста үйдің немесе пәтердің нөмірі көрсетілсе, сатып алушыға есікке дейін жеткізуден бас тартуға;
2.2. Сатып алушының келісімінсіз жеткізу мерзімін ұзартуға;
2.3. Сатып алушылардан көлемі үлкен тауарды жоғары қабатқа көтергені үшін қосымша ақы төлеуді талап етуге тыйым салынады.
3. Тауардың сапасы бойынша
3.1. Сатып алушыға тапсырыста көрсетілгенге сәйкес келмейтін немесе толық жиынтықталмаған тауарды беруге немесе жіберуге;
3.2. Сатып алушыларға көрсету үшін пайдаланылған, ашылған тауарды сатуға;
3.3. Бұрын пайдаланылған, жарамдылық мерзімі өткен немесе өндірушінің кепілдік мерзімі өткен тауарларды, сондай-ақ қолдан жасалған тауарларды сатуға, сондай-ақ олардың карточкаларын жасап, орналастыруға;
3.4. Сатып алушыға сапасы лайықсыз тауарды беруге немесе жіберуге;
3.5. Сайтта тауарларды ақы төлеудің басқа тәсілдерімен салыстырғанда, төлем құралын пайдаланып, соның ішінде жеңілдікті (науқандарды) ескере отырып сатып алынатын сол тауардың көтеріңкі құнымен сатуға;
3.6. Тауарды жиынтықтағаны үшін қосымша ақы талап етуге тыйым салынады.
4. Тауарды қайтарғанда
4.1. Сатып алушыға айырбастаудың немесе қайтарудың орнына сапасыз тауарды жөндеуді ұсынуға; Сатып алушының келісімінсіз сапасыз тауарды жөндеуге;
4.2. Серіктес сатып алушыдан тауарды алғаннан кейін тауарды қайтару туралы шешімді әдейі кешіктіруге;
4.3. Сатып алушыға сапасыз, сондай-ақ тиісті сападағы тауарды немесе тауар түрі сақталғанда сатып алғаннан кейін күнтізбелік 14 күннің ішінде оны айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартуға;
4.4. Егер Сатып алушы жөндеуге келіссе, тауардың кемшіліктерін жою мерзімін күнтізбелік 10 күннен асыруға;
4.5. Сатып алушыдан тауардың сапасына сараптама жүргізу үшін ақы талап етуге және сараптаманы күнтізбелік 30 күннен асыруға; Сатып алушыдан сараптаманы өз бетінше және оның есебінен жүргізуді талап етуге;
4.6. Тауарды қайтарған немесе айырбастаған кезде Сатып алушыдан комиссияны ұстап қалуға немесе одан ақша сұрауға;
4.7. Сатып алушыдан тауарды қайтару, одан бас тарту себебін өзгертуді сұрауға немесе тауарды қайтарудың күшін жоюға, сондай-ақ сатып алушыға сол үшін ақшалай немесе кез келген басқа сыйақы ұсынуға;
4.8. Сатып алушыға тауарды заңды себепсіз қайтарудан бас тартуға;
4.9. Тауарды авторизациядан өткен сервистік орталыққа нақты сараптамаға бермей «Сараптамада» күйін көрсетуге тыйым салынады.
5. Сатушының кабинетінде жұмыс істегенде
5.1. Үшінші тұлғалардың сатушының кабинетіне кіруіне рұқсат беруге;
5.2. Магазиннің жұмыскерлерімен бейресми арналар арқылы жеке байланысуға тырысуға тыйым салынады.
6. Рейтинг бойынша
6.1. Рейтингтерді, пікірлерді, өзге көрсеткіштерді басқару не болмаса бәсекелес дүкендердің және/немесе Магазиннің беделіне теріс ықпалын тигізуі мүмкін әрекеттерді жасау мақсатында тапсырысты өз дүкендерінде немесе бәсекелес дүкендерде ресімдеуге, сондай-ақ бұл үшін үшінші тұлғалармен сөз байласуға;
6.2. Kaspi.kz-те оң пікір білдіргені үшін, пікірді өзгерткені немесе алып тастағаны үшін сатып алушыларға ақшалай немесе кез келген басқа сыйақы ұсынуға тыйым салынады.
7. Баға белгілеу бойынша
7.1. Тауардың құнына қосымша қызметтерді қосуға тыйым салынады.
8. Сәйкестендіргенде және IMEI-ді тіркегенде
8.1. Егер құрылғының MEI-коды сатушының кабинетінде көрсетілгенге сәйкес келмесе, құрылғыны сатып алушыға беруге немесе жіберуге;
8.2. IMEI-коды ЦДИАӨМ сәйкестендіру кодтарының деректер базасында тіркелмеген құрылғыны сатып алушыға беруге немесе жіберуге;
8.3. Сатып алушыдан құрылғының IMEI-кодын өз бетінше тіркеуін өтінуге тыйым салынады.
9. Серіктес сатып алушымен және Kaspi.kz-тегі Магазиннің Қолдау қызметінің жұмыскерлерімен қарым-қатынас жасаған кезде
9.1. Балағат сөздерді қолдануға;
9.2. Дөрекі, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлайтын немесе кемсітетін сөздерді, сондай-ақ қорқытуды немесе агрессияны қолдануға;
9.3. Жанжал шығаруға;
9.4. Сатып алушының хабарламаларын елемеуге немесе объективті себепсіз жауап беруді әдейі кешіктіруге;
9.5. Сатып алушының сұрағының мәніне сәйкес келмейтін жауаптар беруге немесе жауаптарды түсініксіз, қате немесе сатып алушыны жаңылыстыратындай етіп құруға;
9.6. Мәселені шешу жауапкершілігін негізсіз сатып алушыға жүктеуге;
9.7. Kaspi.kz. қосымшасынан тыс ресми емес байланыс арналарын пайдалануға немесе олар арқылы сатып алушыдан Тапсырыс бойынша хабарласуды сұрауға;
9.8. Магазиннің жұмыскеркерлеріне серіктестің пайдасына шешім қабылдағаны үшін кез келген сыйақыны беруге;
9.9. Kaspi, оның жұмыскерлері немесе қызметі туралы көрінеу жалған немесе шынайы емес ақпаратты таратуға тыйым салынады.
Егер Серіктес осы ережелерді бұзса, жағдайды түзету және Kaspi.kz-тегі Магазиннің сервисін жақсарту үшін мына шаралар қолданылуы мүмкін:
- Бұзушылық туралы ескерту.
- Kaspi.kz-тегі Магазиннің сервистеріне қолжетімділікті шектеу.
- Бұзушылыққа байланысты тауарларды сатылымнан алып тастау.
- Ынтымақтастықты тоқтату.
Kaspi.kz-тегі Магазинмен жұмыс істеу ережесі атты құжатты жүктеп алу.
Жаңартылды 03.06.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Шарттары