Kaspi.kz-тегі Магазин – бұл бірегей сервис, оның көмегімен кәсіпкерлер өз тауарларын сатады, ал сатып алушылар оларды ең жақсы бағамен сатып алады.
Kaspi.kz-тегі Магазинде үйге, жөндеуге, спорт пен туризмге, сұлулық пен денсаулыққа қажет тауарлар, электроника, киім, аяқкиім және тағы басқа тауарлардың кең ассортименті ұсынылған. Үлкен, әдемі суреттер, сипаттамалардың толық тізімі, сондай-ақ қойылған баға мен толыққанды пікірлер сатып алушылардың қажетті тауарды таңдауына көмектеседі.
Клиенттер тура Kaspi.kz мобильді қосымшасында бірнеше сатушының бағасын салыстырып, ең тиімді ұсынысты және Қазақстанның кез келген қаласына тапсырысты алудың ыңғайлы тәсілін таңдай алады. Ал Kaspi.kz-пен өткізілетін науқандар кезінде тауарларды 24 айға дейін құнын бөліп төлеп, сатып алуға не сатып алғаны үшін көтеріңкі бонус алуға болады.
Kaspi Магазиннің серіктестері өз тауарларын Kaspi.kz мобильді қосымшаның 14 миллионнан астам пайдаланушысына ұсыну мүмкіндігін алады. Kaspi Жеткізудің арқасында сатушылар сату аумағын кеңейтеді: тапсырыстарды Қазақстан бойынша жібереді. Маркетинг сервисі жарнама арқылы тауарды өткізуге көмектеседі. Kaspi.kz-пен өткізілетін науқандар кезінде серіктестердің сатылымы 3-тен 5 есеге дейін артады. Комиссия сәтті өткен сатылым үшін ғана алынады: егер сатып алушы тапсырыстың күшін жойса, комиссия компанияның шотына қайтады.