• API-сұрату – бұл сатушыдан немесе техникалық маманнан Kaspi.kz дүкен алатын нұсқаулық.

     

    Онда деректерді кім алғысы келетіні және жауапта қандай ақпаратты ұсыну керектігі сипатталған. Kaspi.kz-тегі Магазинде API-сұратуда мыналар қамтылуы керек:

     

    1. Әдіс.

     

    Іс-әрекеттің сипаттамасы:

     

    • GET — деректерді сұрайды.
    • PUT — деректерді жаңартады немесе жаңаларын қосады.
    • POST — ақпаратты жүктейді.

     

    2. Параметрлер.

     

    Жауап қалыптастырылатын шарттар.

     

    Kaspi.kz-тегі Магазинде әр сұратуда әртүрлі параметрлер жиынтығы пайдаланылады. Мысалы:

     

    sort — нәтижені сұрыптау;

    page — жауапта қандай бет беріледі немесе онда қанша мән болады;

    filter — нысан бойынша іріктеу.

     

    3. Тақырып.

     

    Нұсқаулықты дұрыс өңдеу үшін қосымша ақпарат:

     

    • Content-Type — деректерді жіберу пішімі. Kaspi.kz-тегі Магазинде бұл JSON.
    • X-Auth-Token — авторизация токені.
    • Accept — жауаптағы қажетті контент түрі.

     

    Сондай-ақ API-сұратуда атрибуттар пайдаланылуы мүмкін — бұл жауаптағы деректердің сипаттамасы.

    Жаңартылды 19.03.2024
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?