Kaspi Pay
/
Серіктестер үшін Kaspi Гид
/
Kaspi.kz-тегі Магазин
/
API
/
Жалпы сұрақтар
API
- Жаңартылды 19.03.2024
API (Application Programming Interface) – бағдарламалық интерфейс, оның көмегімен Kaspi.kz-тегі Магазиннің сатушылары:
- жаңа тауарлар қосуға;
- тапсырыстарды өңдеуге және олар туралы ақпарат алуға;
- өзінің есеп жүйесін Kaspi Магазинмен біріктіруге мүмкіндік алады.
Осылайша серіктестер уақыт үнемдеп, өз тауарларының есебін жүргізуде қателіктерге жол бермейді.
Мысалы, сіз тапсырысты аяқтауыңыз керек. API-сұрату жіберіңіз: тапсырыс мәртебесі «Берілген» деп ауыстырылады және бұл ақпарат есеп жүйеңізде пайда болады.
API Kaspi.kz-тегі Магазинде JSON деректер пішімін пайдаланады.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?