Kaspi Pay мобильді қосымшасында «Сауда орындары мен кассирлер» бөліміне өтіп, қажетті орынды таңдаңыз. Қажетті құрылғының жанындағы үш нүктені басыңыз, «Smart POS-ты қайтару» деп таңдап, әрекетті растаңыз.
3 күннің ішінде сізге курьер хабарласады, ол сауда орнының мекенжайына келіп, құрылғыны алып кетеді.
Kaspi Pay мобильді қосымшасында Smart POS-тың сәтті қайтарылғаны туралы хабарлама келеді.
Smart POS-ты қайтаруға өтінімді басшы және «Басқарушы» немесе «Бухгалтер» рөлі бар қызметкер бере алады. Қызмет кез келген уақытта онлайн қолжетімді.