Kaspi Pay мобильді қосымшасында POS-терминалдардың кез келген санына тапсырыс беруге болады. Бір өтінімде ең көбі 2 болуы тиіс. Қызмет 24/7 қолжетімді.
Тапсырыс беру үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасының басты бетінде «Smart POS» деп басыңыз. Егер бірнеше сату орныңыз болса, қажеттісін таңдаңыз, содан кейін «Smart POS-қа тапсырыс беру» деп басып, құрылғылар санын көрсетіңіз. Жеткізу күнін таңдаңыз, оны күнтізбенің көмегімен жасауға болады. Қалыпты жағдай бойынша мерзім 3-9 күн.
POS-терминал белгіленген күні жеткізіледі. Курьер сізге алдын ала хабарласады.
Бір сату орны үшін тек бір тапсырыс белсенді бола алады. Осы орында Smart POS-қа қайта тапсырыс беру мүмкіндігі барлық құрылғылар іске қосылғаннан кейін немесе тапсырыстың күші жойылғаннан кейін пайда болады.
Сату орнына 4-тен артық Smart POS-қа тапсырыс берген кезде, тексеру жүргізіледі. Kaspi Pay менеджері сізбен 3 жұмыс күні ішінде хабарласып, нәтижесі туралы хабарлайды. Бас тартылған жағдайда, өтінімді бір айдан кейін қайта бере аласыз.
Назар аударыңыз: егер бір айда Smart POS арқылы сату сомасы 300 000 теңгеден кем болса, онда POS-терминал алынып қояды.