Құрылғыны қосып, тілді таңдаңыз да, 6 таңбалы іске қосу кодын енгізіңіз.
Осыдан кейін бірден құрылғы төлем қабылдауға дайын болады.
Код компания басшысына немесе құрылғыға тапсырыс берген «Басқарушы» рөліндегі қызметкерге келеді. Оны Kaspi Pay мобильді қосымшасында Smart POS-ты жеткізу туралы хабарламада, «Сату орындары мен кассирлер» бөлімінде де көруге болады: қажетті орынды, содан кейін — Құрылғылар → Smart POS-ты іске қосу деп таңдаңыз.
Smart POS-ты сіз оны тапсырған кез келген қызметкер іске қоса алады: кез келген мессенджердің көмегімен оған 6 таңбалы код жіберу жеткілікті.
Іске қосу коды:
- әр сату орны үшін бөлек жасақталады және ол жердегі барлық Smart POS-ты іске қосу үшін қолданылады;
- әр 24 сағат сайын жаңартылып отырады.
Kaspi Pay-дің Smart POS-ымен жұмыс істеуді қалай бастайтыны туралы бейнематериалды көруді ұсынамыз: