Жалпы сұрақтар
  •   

    Kaspi Pay-дегі «Маркетинг» сервисі серіктестерге клиенттерді тартуға және сатылымды арттыруға көмектеседі.   Сервисте тауарларды сатып алушыларға ерекшелеп көрсетуге, бонус беретін және бөліп төлеу науқандарын іске қосуға, әлеуметтік желілерден аудиторияны тартуға, брендтің танымалдылығын арттыруға болады.

     

    Кампанияларды іске қосқан кезде сіз бюджетті белгілеп, қатысу шарттарын реттейсіз. Статистика мен нәтижелерді күнделікті толық аналитика арқылы бақылай аласыз.

     

    «Маркетинг» сервисінде келесі құралдар қолжетімді:

     

    Сыртқы жарнама

    Instagram, Facebook, Google мен TikTok-тан сатып алушыларды әкеліңіз.

     

    Тауарларды жарнамалау

    Тауарларды Kaspi.kz-тегі Магазиннің каталогында алдыңғы қатарларға шығарыңыз.

     

    Брендтерге арналған жарнама

    Kaspi.kz-тегі Магазинде сатып алушылар арасында сауда маркасының танымалдылығын арттыру үшін оны жарнамалау.

     

    Тауарға берілетін бонус

    Жаңа тауарларды өткізіп, қалған тауарларды сатып жіберу үшін сатып алуға Kaspi Бонус беріңіз.

     

    Пікір жазғанға бонус беру

    Көбірек пікір алып, тауардың рейтингін арттырыңыз.

     

    Kaspi QR-мен науқандар

    6, 12 немесе 24 айға бөліп төлеу ұсыну арқылы клиенттерді тартыңыз.

     

    Kaspi.kz-тегі Магазиннің науқандары

    Тауар санатына немесе бүкіл ассортиментіне жоспарланған Kaspi науқандары.

      

      

    Жаңартылды 18.08.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?