2026 жылғы 2 қарашадан бастап «Маркетинг» сервисінде өзгерістер болды. Сізге ыңғайлы болу үшін тауар жарнамасы енді Kaspi.kz қосымшасында да, сыртқы ресурстарда да — Google, TikTok, Instagram, Facebook, Threads-те бір мезгілде іске қосылады.
Күндік бюджет пен басқаны үшін мөлшерлеме өзгермейді және барлық алаң үшін бірдей болады. Тапсырыстар қайталанбай, барлық статистика мен нәтиже бір жерде қолжетімді.
Жаңа кампанияны «Маркетинг» сервисінде жасауға болады: Тауарларды жарнамалау → Тауар жарнамалай бастаңыз → Кампанияларым → Жарнама бастау.
Сыртқы жарнама бойынша бұрын іске қосылған барлық кампания «Аяқталған» күйіне өтті. Олар бойынша статистика 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін «Маркетинг» сервисіндегі Сыртқы жарнама → Кампанияларымбөліміндеқолжетімді. Есепті Excel пішімінде жүктеп алуға болады. Сонымен қатар онда жарнама бойынша тапсырыстың нөмірлері көрсетіледі.
Жаңартылды 02.11.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Сыртқы жарнама