Kaspi Pay / Серіктестер үшін Kaspi Гид / Маркетинг / Kaspi.kz-тегі Магазиннің науқандары Kaspi.kz-тегі Магазиннің науқандары
  • Оның бірнеше себебі болуы мүмкін:

     

    Сату көлемі жеткіліксіз
    Сатудың қажетті көлемі туралы шешім әр серіктес үшін жеке қабылданады және қызметтің санатына байланысты.

     

    Рейтинг 4 жұлдыздан төмен

    Сатып алушылардан көбірек жақсы баға алу үшін өнімнің сапасын қадағалап отырыңыз.

     

    Сіздің кінәңізден бас тартылды 3%-дан көп 

    Оны төмендету үшін:

    • тауардың бар-жоғы туралы ақпаратты үнемі жаңартып отырыңыз;
    • сипаттамасына сәйкес келетін тауарларды сатыңыз;
    • тапсырыстарды жеткізу және тауарларды Kaspi Жеткізуге беру мерзімдерін сақтаңыз.

     

    Kaspi Жеткізуге берген кездегі кешіктіру 10%-дан жоғары

    Бұл көрсеткішті жақсарту үшін тапсырыстарды Kaspi.kz қабылдау орнына уақтылы өткізіңіз. 

     

    Сапасы бойынша қайтару  2% -дан көп

    Тауарды барлық қажетті және жиынтықтаушы бөлшектерімен жіберіңіз және қайтарылғандар аз болуы үшін, тауардың сипаттамасына сәйкес келетінін тексеріңіз.

     

    Сату уақытша тоқтатылған
    Сіз жұмыс ережесін бұздыңыз. Сізге Kaspi Pay мобильді қосымшасына бұл туралы хабарлама жіберілді.

     
    Kaspi Pay сізбен ынтымақтастықты тоқтатты
    Сіз жұмыс ережесін бұздыңыз, шектеу шаралары қолданылды — қалпына келтіру мүмкіндігінсіз ынтымақтастық бұзылды. 

    Жаңартылды 16.06.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?