Науқан кезінде сіз әдетте сатқан кездегідей төлем қабылдайсыз.
Егер клиент сауда орнына келсе, мобильді POS-та немесе Smart POS-та «Төлеу» бөліміне өтіп, сатып алу сомасын енгізіңіз. Одан соң сатып алушыдан Kaspi.kz қосымшасы арқылы QR-кодыңызды сканерлеуін, «Бөліп төлеу» тәсілін таңдауын және сатып алуды растауын өтініңіз.
Қашықтан сату үшін сатып алушыға шотты немесе ақы төлеуге сілтемені жіберсе болды. Клиент өзінің Kaspi.kz мобильді қосымшасында «Бөліп төлеу» тәсілін таңдап, тауар не қызмет ақысын төлейді.
Егер сатып алушыда науқан бойыша бөліп төлеу әлі ресімделмесе, ол Kaspi.kz мобильді қосымшасында онлайн ресімдей алады.