- Жаңартылды 05.02.2025
«Бөліп төлеу науқандары» – Kaspi Pay мобильді қосымшасындағы сервис, оның көмегімен Kaspi Kredit серіктестері 6, 12 немесе 24 айға бөліп төлеу науқандарына қатыса алады.
Науқан кезінде серіктестердің сату көлемі 3 еседен артық өседі.
Бөліп төлеу науқандарына мына өлшемшарттарға сәйкес келетін Kaspi Pay-дің барлық серіктестері қатыса алады:
Kaspi Kredit-ке қосылған.
Мұны компания басшысы ғана жасай алады. Мобильді қосымшада Kaspi Pay бөліміне өтіп, «Kaspi Kredit қосу» деп басыңыз да, экрандағы кейінгі әрекетті орындаңыз.
Маңызды: Kaspi Kredit-ке қосылу үшін Kaspi Pay-мен соңғы 2 айдың ішінде кемінде 20 күн сату керек. Бұл бизнестің жұмыс істеп тұрғанын және сенімді екенін тексеру үшін қажет.
Шартты және жұмыс істеу ережесін бұзбайды.
Жұмыс істеу ережесі бұзылған кезде ынтымақтастықты толық тоқтатуға дейін шектеу шаралары қолданылады.
Бөліп төлеу науқанына қосылу үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасында Маркетинг сервисі → Бөліп төлеу науқандары бөліміне өтіңіз, өзіңізге сәйкес келетін науқандардың шарттарымен танысып, қатысатыныңызды растаңыз. Сервис компанияның басшысына, сондай-ақ «Басқарушы» немесе «Маркетинг менеджері» рөлі бар қызметкерге қолжетімді.
Бөліп төлеу науқандарына мына санаттар қатыспайды:
- Ұшақ және т/ж билеті;
- АЖҚС;
- Кинотеатрлар мен театрлар.
Назар аударыңыз: тізім өзгеруі мүмкін.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?