- Жаңартылды 12.05.2025
Пікір жазғанға бонус беру — бұл Kaspi Pay мобильді қосымшасындағы сервис, оның көмегімен Kaspi.kz-тегі Магазиннің серіктестері рейтингті жоғарылату және өз тауарына жазылған пікір санын көбейту үшін Kaspi Бонус беретін науқандарды іске қоса алады.
Сервис компанияның басшысына, сондай-ақ «Басқарушы» немесе «Маркетинг менеджері» рөлі бар қызметкерге қолжетімді.
Сіз науқандарыңызды өзіңіз басқарасыз: тауарды таңдайсыз, бонустың мөлшерін және мерзімін белгілейсіз. Баптауды кез келген сәтте өзгертуге немесе кампанияны тоқтатуға болады. Олардың әрқайсысы бойынша нәтижелер Kaspi Pay-дегі «Маркетинг» сервисінде қолжетімді болады.
Пікір жазғанға бонустың мөлшері Kaspi Pay шотынан күн сайын сағат 00:00 -де —өткен күн үшін алынады. Бұл туралы толық ақпарат Kaspi Pay мобильді қосымшасындағы көшірмеде әрқашан қолжетімді.
Пікір жазғанға бонус беру науқанына мына санаттар қатыспайды:
- сүт қоспалары;
- портсигарлар;
- темекіні қыздыру жүйесі;
- алкоголь;
- энергетикалық сусындар.
Назар аударыңыз: тізім өзгеруі мүмкін.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?