Сатушы беретін бонус
  • Басқа сатушыда сол тауардың бағасы  бонус ескерілгенде сіздің бағаңыздан  төмен болса, науқан автоматты түрде тоқтатылады.

     

    Науқанды қайта іске қосу үшін тауардың бағасы тауар картасындағы ең төмен болуы тиіс.

    Немесе ең төменгі бағадан 3%-дан немесе 3000 ₸-ден жоғары болмауы тиіс.

     

    Мұны бірнеше жолмен жасауға болады:

     

     
    Kaspi Pay қосымшасында

    Kaspi.kz-тегі Магазин → Тауарлар бөліміне өтіп, қажеттісін таңдаңыз. Тауардың жанындағы үш нүктені, кейін «Бағаны өңдеу» деп басып, жаңа бағаны көрсетіңіз.

     

     
    Kaspi.kz-тегі сатушы кабинетінің веб-нұсқасында

    Тауарлар → Тауарларды басқару бөліміне өтіп, қажеттісін табыңыз. Тауардың жанындағы өңдеу белгішесіне басып, содан кейін «Бағасы жəне қолда бар-жоғы» қосымша бетінде жаңасын көрсетіңіз. «Сақтау» деп басыңыз.

     

    Сондай-ақ əр қала үшін əртүрлі бағаны белгілей аласыз, ол үшін «Қалалардың бәріне бір» белгісін алып тастап, дүкен мекенжайларының жанындағы жолда құнын көрсетіңіз.

     

    Содан кейін Маркетинг сервисіне → Науқандарым → Тоқтап тұрған → Мәліметтерін көру деп өтіңіз. «Өңдеу» жəне «Науқанды іске қосу» деп басыңыз.

    Жаңартылды 09.04.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?