• Сапарға аттану үшін сізге:

    • паспорт;
    • ұшақ билеттері;
    • отельдің ваучері;
    • сақтандыру полисі;
    • шақыру қажет болады.

     

    Туроператордан шақыруды алдын ала — ұшуға кемінде 4 күн қалғанда рәсімдеу қажет. Ол үшін Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Travel → Сапарларым → Тур туралы толық ақпарат → Қызметтер мен тілектер → Каирге немесе Луксорға бару бөліміне өтіңіз. Баратын туристерді көрсетіп, қаланы таңдаңыз да, сұрау жіберіңіз. Туроператор өтінімді 24 сағат ішінде қарайды. Нәтижесі туралы хабарлама Kaspi.kz қосымшасына келеді.

     

    Егер 21 жасқа толмаған туриспен саяхаттасаңыз, өзіңізбен қосымша:

    • оның паспортын;
    • туу туралы куәлігінің түпнұсқасын*;
    • ата-анасынаң шетелге шығуға нотариат куәландырған рұқсатты* алып жүру керек

      егер баланы тек олардың біреуі алып жүрсе.

     

    *Құжаттарды ағылшын тіліне аударып, даналарын нотариуста куәландыру керек.

     

    Паспорттың қолданылу мерзімі — сапар аяқталған күннен бастап кемінде 6 ай.

    Назар аударыңыз: Мысырға 21 жасқа дейін тек ата-анасымен бірге кіре аласыз.

    Жаңартылды 27.07.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?