• Сапарға аттану үшін сізге:

    • ұшақ билеттері;
    • отельдің ваучері;
    • сақтандыру полисі қажет болады.

     

    Оларды Kaspi.kz қосымшасындағы Kaspi Travel → Сапарларым → Тур мәліметтерінен қарап, жүктеп алуға болады.

     

    Сондай-ақ өзіңізбен бірге паспортыңыз болу керек.
     

    Егер 21 жасқа толмаған туриспен саяхаттасаңыз, өзіңізбен қосымша:

    • баланың паспортын;
    • туу туралы куәлігінің түпнұсқасын*;
    • ата-анасынаң шетелге шығуға нотариат куәландырған рұқсатты* алып жүру керек.

      егер баланы тек олардың біреуі алып жүрсе.

     

    *Құжаттарды ағылшын тіліне аударып,  даналарын нотариуста куәландыру керек.

     

    Паспорттың қолданылу мерзімі - сапар аяқталған күннен бастап кемінде 6 ай.
     

    Каирге немесе Луксорға бару үшін туроператордан шақыруды алдын ала рәсімдеу керек. Оны ұшуға кемінде 4 күн қалғанда тапсыру қажет.
     

    Ол үшін Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Travel → Сапарларым → Тур туралы толық ақпарат → Қызметтер мен тілектер → Каирге немесе Луксорға бару бөліміне өтіңіз. Баратын туристерді көрсетіп, қаланы таңдаңыз да, сұрау жіберіңіз. Туроператор өтінімді 24 сағат ішінде қарайды. Нәтижесі туралы хабарлама Kaspi.kz қосымшасына келеді.


    Назар аударыңыз:

    • Мысырға тур сатып алғанда, егер сапар 15 күннен ұзақ болса, Қазақстан азаматтарына виза рәсімдеу қажет;
    • Мысырға 21 жасқа дейін тек ата-анасымен бірге кіре аласыз.
    Жаңартылды 27.07.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?