Турлар
  • Нақты уақыт пен басқа да тұру шарттары туристке арналған жаднамада көрсетілген.

    Турды сатып алғаннан кейін сіз оны Kaspi Travel → Сапарларым → Тур мәліметтері сервисінде көріп, жүктей аласыз.
     

    Қоныстану және шығу уақытын өзгертудің 2 тәсілі бар:
     

    • Kaspi.kz қосымшасында қосымша қызмет ресімдеу
      Сапарларым → Тур мәліметтері → Қызметтер мен тілектер сервисінде «Ерте қоныстануға» және «Кеш шығуға» өтінім беруге болады.
      Туроператордың жауабымен хабарлама Kaspi.kz қосымшасына 24 сағат ішінде келеді. Онда қызмет құны көрсетіледі. Оны туроператор жеке есептейді.
       
    • қонақүйдегі тіркеу орнына бару
      Сол жерде сіз нөмірде болу уақытын өзгертуді өтініп, хабарласа аласыз. Әр нақты жағдайда шешім жеке қабылданады және ол қонақүйдің әкімшілігіне байланысты. 
    Жаңартылды 20.11.2025

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?