• 4.

    Kaspi Travel-дегі турда нөмірді ауыстыруды растадым, бірақ барғым келмей қалды. Не істеу керек?

    Жаңартылды 15.10.2024

    Егер сапар басталғанға дейін 7 күн немесе одан көп уақыт қалса, турды қайтаруды ресімдей аласыз.

     

    Ауыстыру шарттарын туроператор айқындайды. Қайтарылатын сома  тур басталғанға дейін қалған күннің санына байланысты болады.

     

    Толық есепті көруц үшін немесе қайтару үшін Kaspi Travel→ Сапарларым → Тур мәліметтері → Әрекеттер деп өтіп, «Қайтаруды ресімдеу» деп таңдаңыз да,  кейінгі әрекеттерді орындаңыз.

     

    Өтінімге жауап Kaspi Travel-ден 24 сағаттың ішінде келіп түседі. Онда қайтару шарттары көрсетіледі. Оларды 3 сағаттың ішінде растау қажет. Ақша туроператордан түскен бойда Kaspi Gold-ыңызға, Kaspi Pay шотыңызға аударылады немесе ақы төлеу тәсіліне байланысты кредитті өтеуге жұмсалады.

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді. Жауап пайдалы болды ма?