Турлар
Қайтару шарттарын туроператор белгілейді. Сомасы сапар басталғанға дейінгі күн санына, таңдалған қонақүй мен ұшу түріне байланысты.
24 сағаттың ішінде сізге Kaspi Travel сервисіне қайтару шарттары көрсетілген хабарлама жібереді. Оларды растау үшін сіздің 3 cағат уақытыңыз болады.
Егер жолдама:
- толығымен кредитке алынса, ол туроператордан түсетін сомаға өтеледі.
Егер ай сайынғы төлемді төлеп қойсаңыз, қайтару сомасы негізгі қарыздың қалдығынан асып кетсе, оны бірден Kaspi ңызға аударады.
- жартылай кредитке және Kaspi алынса, ақша кредитті өтеуге түседі. Қалған қаражат Kaspi Gold-қа аударылады. Сізге Kaspi.kz мобильді қосымшасына сомасы көрсетілген хабарлама келеді.
Туроператор қайтару туралы шешім қабылдағанша, ай сайынғы төлемдерді кестеге сәйкес төлеп тұруыңыз керек. Төлеу мерзімін өткізіп алмау үшін және кредиттік тарихыңызды бұзбау үшін кредитті уақтылы төлеңіз.
Жаңартылды 13.06.2023Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
- толығымен кредитке алынса, ол туроператордан түсетін сомаға өтеледі.