Сіз Kaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасында жолаушының деректерін өзгертуге өтінім бере аласыз.
Туроператор қызмет ақысын жеке есептейді. Төлем сомасы Kaspi Travel-ден келген хабарламада көрсетіледі.
Өтінім беру үшін Kaspi Travel сервисінде Сапарларым → Тур мәліметтері → Туристің деректерін өзгерту деп ашыңыз. Деректерін жаңартқыңыз келетін жолаушыларды таңдаңыз. Әр турист туралы мәлімет бар парақшалар бөлек көрінеді.
Ақпаратты түзетіп, қажетті құжаттарды тіркеңіз де, «Деректерді өзгертуге өтінім беру» деп басыңыз. Жауап 24 сағат ішінде хабарлама түрінде Kaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасында келеді. Онда төлем сомасы мен өзгерту шарттары көрсетіледі. Оларды 3 сағат ішінде растау қажет. Жолаушы туралы жаңартылған мәлімет ең көбі үш сағаттан соң тур мәліметтерінде көрінеді.
Назар аударыңыз: ұшуға дейін кемінде 3 сағат қалса, ақпаратты өзгертуге болмайды.