Турлар
Сапарға аттану үшін сізге:
- ұшақ билеттері;
- отельдің ваучері;
- сақтандыру полисі қажет болады.
Оларды Kaspi.kz қосымшасындағы Kaspi Travel → Сапарларым → Тур мәліметтерінен қарап, жүктеп алуға болады.
Сондай-ақ өзіңізбен бірге паспортыңыз болу керек.
Kaspi Travel-де Мысырға тур сатып алатын кезде Қазақстан азаматтарына мынадай жағдайда:
- тур мерзімі 15 күннен көп болса;
- Каир мен Луксорға баруды жоспарласаңыз виза ресімдеу талап етіледі.
Мұны жасау үшін- Kaspi Гидпен Чатқа жазыңыз.
Егер 21 жасқа толмаған туриспен саяхаттасаңыз, өзіңізбен қосымша:
- баланың паспортын;
- туу туралы куәлігінің түпнұсқасын*;
- ата-анасының немесе қорғаншыларының шетелге шығуға нотариат куәландырған рұқсатын* алып жүру керек.
егер баланы тек олардың біреуі немесе үшінші тұлға алып жүрсе
*Құжаттарды ағылшын тіліне аударып, даналарын нотариуста куәландыру керек.
Паспорттың қолданылу мерзімі - сапар аяқталған күннен бастап кемінде 6 ай.
Жаңартылды 02.02.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?