• Иә. Басқа адамға тур сатып ала аласыз. Ол үшін атына жолдама сатып алатын әр жолаушының деректерін толтыруыңыз керек. Ең көбі 8 ересек және 6 баланы көрсетуге болады. 

     

    Мәліметтер «Профиль» бөлімінде сақталады. Келесі жолы билет сатып алғанда, деректерді қайта енгізбей-ақ, тізімнен керек адамды таңдай аласыз. 

     

    Ақы төленгеннен кейін 5 күннің ішінде сізге билеттер, отелдің ваучері, трансфер мәліметтері, ал ұшуға 2 күн қалғанда сақтандыру полисі қолжетімді болады. Kaspi.kz қосымшасында бұл туралы Cізге хабарлама келеді.

     

    Сапарға қажетті барлық құжатты атына тур сатып алған адамға жіберу қажет. Мұны смартфоныңызға орнатылған кез келген мессенджердің және электрондық поштаның көмегімен жасауға болады.

    Жаңартылды 22.11.2025

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?