Kaspi Travel-дегі Турлар — жолдаманы іздейтін және бронь қоятын ыңғайлы сервис, оның көмегімен әртүрлі туристік операторлардың бағасын салыстырып, ең тиімді ұсынысты таңдай аласыз.
Сервисте курорттар мен отельдердің кең таңдауы ұсынылған. Суреттері, сипаттамасы, сондай-ақ рейтингтері мен басқа саяхатшылардың пікірлері арқылы өзіңізге лайықты нұсқаны таба аласыз.
Турды Kaspi Gold-пен, Kaspi Бонуспен, кредитке немесе егер жеке кәсіпкер болсаңыз, Kaspi Pay шотынан төлеуге болады.
Төлегеннен кейін 5 күннің ішінде сізге билеттер, отельдің ваучері, трансфер мәліметтері, ал ұшуға 2 күн қалғанда сақтандыру полисі қолжетімді болады. Сізге Kaspi.kz қосымшасында бұл туралы хабарлама келеді.
Сапарға қажетті барлық құжатты Сапарларым → Тур мәліметтері бөлімінен қарауға және жүктеуге болады.
Жаңартылды 10.09.2025Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Турлар