Иә. Төменде аталған жағдайларда әуе компаниялары қайтарылмайтын билет үшін де ақшаны қайтаруы мүмкін. Ол үшін растайтын құжаттар қажет.
- Жолаушының немесе оның жақын туысының сырқаттанып қалуы
Жолаушының немесе оның туысының денсаулық жағдайы туралы анықтама және туыстығының дәлелі.
Анықтаманы ресімдеуге және мазмұнына қойылатын талаптар:
Жалпы | Жеке |
Медициналық мекеменің фирмалық бланкісіндегі атауы және байланыс деректері көрсетілген анықтама | Scat — анықтама немесе жабылған еңбекке жарамсыздық парағы
Qazaq Air — 027/е немесе 026/е нысаны бойынша анықтама |
Ұшақта ұшудың мүмкін еместігі туралы қорытынды — диагнозы және қарсы көрсетілімдер болуы тиіс | |
Ұшу күніне сәйкес келетін сырқаттану күндері және анықтама берілген күн көрсетілуі тиіс | |
Емдеуші дәрігердің және бөлімше меңгерушісінің не бас дәрігердің тегі, лауазымы, мөрі және қолы көрсетілуі тиіс | Scat — емдеуші дәрігердің, бөлімше меңгерушісінің және бас дәрігердің 3 мөрі мен қолы болуы тиіс |
Егер анықтама басқа тілде берілсе, орыс немесе қазақ тіліндегі нотариатта куәландырылған аудармасы болуы тиіс | Шетелдік әуе компаниялары үшін — ағылшын тіліне аудармасы болуы тиіс |
COVID-19 жағдайында дәрігердің анықтама-қорытындысынан басқа ПТР-тестінің нәтижесі қажет.
Нақты әуе компаниясының медициналық құжаттарға қойылатын талаптары туралы толық ақпаратты қайтаруды ресімдеу кезінде алуға болады.
Жолаушының қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама.
- Жақын туысының қайтыс болуы
Жақын туысының: ата-анасының, жұбайының, баласының, ағасының және әпкесінің қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама.
Консулдықтың жауабы тіркелген ресми хат.
Өтінімді ресімдеу кезінде Kaspi.kz. мобильді қосымшасында қажетті растайтын құжаттың фотосуретін немесе скан-көшірмесін тіркеңіз.
Содан соң сұрату әуе компаниясына жіберіледі. Назар аударыңыз, қайтарылатын сома мен қайтару мерзімін әуе тасымалдаушы белгілейді.
Сізге Kaspi.kz мобильді қосымшасына өтінім бойынша шешім көрсетілген хабарлама келеді.