Kaspi Travel → Сапарларым сервисіне өтіңіз, қажетті әуе билетін және жолаушыны таңдап, «Қайтаруды ресімдеу» деп басыңыз.
Қайтару шарттарын «Сапарларым» → Ұшақ билеттері → Тариф ережелері бөлімінен қарай аласыз. Жеке себептермен қайтарылатын билетті ғана өткізуге болады. Бұл ретте нақты себептерді көрсету және оны дәлелдермен бекіту міндетті емес.
Төменде аталған жағдайларда әуе компаниялары қайтарылмайтын билетті де қабылдайды. Ол үшін растайтын құжаттар қажет.
• Жолаушының немесе оның жақын туысының сырқаттанып қалуы
Жолаушының немесе оның туысының денсаулық жағдайы туралы анықтама және туыстығының дәлелі.
Анықтаманы ресімдеуге және мазмұнына қойылатын талаптар:
Жалпы | Жеке |
Медициналық мекеменің фирмалық бланкісіндегі атауы және байланыс деректері көрсетілген анықтама | Scat — анықтама немесе жабылған еңбекке жарамсыздық парағы
Qazaq Air — 027/е немесе 026/е нысаны бойынша анықтама |
Ұшақта ұшудың мүмкін еместігі туралы қорытынды — диагнозы және қарсы көрсетілімдер болуы тиіс | |
Ұшу күніне сәйкес келетін сырқаттану күндері және анықтама берілген күн көрсетілуі тиіс | |
Емдеуші дәрігердің және бөлімше меңгерушісінің не бас дәрігердің тегі, лауазымы, мөрі және қолы көрсетілуі тиіс | Scat — емдеуші дәрігердің, бөлімше меңгерушісінің және бас дәрігердің 3 мөрі мен қолы болуы тиіс |
Егер анықтама басқа тілде берілсе, орыс немесе қазақ тіліндегі нотариатта куәландырылған аудармасы болуы тиіс | Шетелдік әуе компаниялары үшін — ағылшын тіліне аудармасы болуы тиіс |
COVID-19 жағдайында дәрігердің анықтама-қорытындысынан басқа ПТР-тестінің нәтижесі қажет болады.
Нақты әуе компаниясының медициналық құжаттарға қойылатын талаптары туралы толық ақпаратты қайтаруды ресімдеу кезінде алуға болады.
Жолаушының қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама.
- Жақын туысының қайтыс болуы
Жақын туысының: ата-анасының, жұбайының, баласының, ағасының және әпкесінің қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама.
Консулдықтың жауабы тіркелген ресми хат.
Назар аударыңыз, қайтару сомасы мен мерзімін әуе тасымалдаушы белгілейді.