Құқықтық сұрақтар
  • Барлық банктер тоқсан сайын кәсіпкерлік қызмет белгілері болған кезде клиенттердің банктік шоттарына жасалған аударымдар туралы деректерді мынадай өлшемшарттар бойынша беруге міндетті:

    Саны

    Әртүрлі адамдардан айына

    100-ден астам аударым

    Ұзақтығы 3 ай қатарынан
    Осы мерзімдегі жалпы сома 1 020 000 теңгеден көп

     

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 698 бұйрығы

     

    Мысал

    Клиент үш айдың ішінде осындай аударымдарды алды:

     

    Ай

    Әртүрлі адамдардан

    жасалған аударымдар саны

    Аударым сомасы
    Қаңтар 105 200 000
    Ақпан 105 500 000
    Наурыз 110 400 000
    Барлығы   1 100 000

     

    Заңнаманың талабы бойынша кез келген банк осы адамның шоттарына түскен ақша сомасы туралы ақпарат беруі керек.

     

    ҚР Салық кодексінің 55-бабының 2-тармағының 24-тармақшасы

     

    Кәсіпкерлік қызмет үшін ЖК-ні тіркеп, төлемді бизнес-шотқа, мысалы, Kaspi Pay-ге алып, салық есебінде оны кіріс ретінде көрсеткеніңіз жөн. Kaspi Pay-де сондай-ақ фискалдық чектерді беру үшін Kaspi Кассаны тегін қоса аласыз.

    Жаңартылды 29.01.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?