Егер кәсіпкерлік қызметке арналмаған шотқа тауарларыңыз немесе қызметтеріңіз үшін төлем алсаңыз, бұл соманы салық есебінде табыс ретінде көрсетуіңіз керек. Егер құжатты қажетті мерзім үшін тапсырсаңыз, оны қосымша есепке қосуға болады.
Сондай-ақ, сізге мыналарды төлеу қажет:
- табыстан алынатын салық - мөлшерлеме компанияның режиміне байланысты;
- өсімпұл - оның сомасын салық органынан біле аласыз.
Төлемегені үшін айыппұл: осы соманың 200%-ы — немесе, егер салық 50 000 АЕК-тен көп болса, қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Заңнама талаптарын сақтап, айыппұлдан қауіптенбес үшін Kaspi Pay-ге қосылып, кәсіпкерлік қызметке арналған шотты аша аласыз және фискалдық чектерді беру үшін Kaspi Кассаны тегін қоса аласыз.